Астана прокурорлары жергілікті атқарушы органның мектеп медицинасының жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмағанын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік орган өз бұйрығымен 32 мектепке медициналық қызметке лицензиясы және қажетті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ медициналық ұйымдарды бекіткен.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы құрылып, олар осы нысандарды денсаулық сақтау туралы заңнама талаптарына сәйкес келтіруге кірісті», - деп түйіндеді ведомство.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының прокуратурасы аудандық ауруханаларды тексеріп, 80 млн теңгеге қаржылық және медициналық есептіліктегі елеулі бұзушылықтарды анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции