Бас прокуратура қызметкерлері Әзірбайжаннан бірқатар ауыр қылмыстарды, соның ішінде кісі өлтіру және тонауды жасаған Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың қазан айында күдікті мен оның сыбайласы таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шығарып, оны есінен танғанша соққыға жыққан. Содан кейін қылмыскерлер бизнесменнің жалпы құны шамамен 40 млн теңге болатын мүлкін иеленіп, оны Алматы сыртына апарып, өлтірген.
Күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталды, ал екіншісі жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында іздеуде жүрген адам Әзірбайжан аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Инкриминирленетін қылмыстар үшін күдіктіге 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіруі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура қызметкерлері Дубайдан Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») сыбайласын экстрадициялаған болатын. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда Жұмагелдиев бандасының құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдікке ілінген.
Фонд-бюро расследования коррупции