Skip to main content

Коррупцияға күдікке газ өңдеу зауытының директоры ілінді.

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС (ҚазГӨЗ) директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпорынның мүлкін сатуда айыпталуда.

«Ол кәсіпорынның мүлкін аукционсыз заңсыз сату арқылы ерекше ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Келтірілген залал сомасы 65 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ресми сайтының деректері бойынша, өткен жылдың ақпан айында ҚазГӨЗ директоры болып Байшуақов Болат Армиевич тағайындалды. Оған дейін ол ҚазГӨЗ-дің бас инженері – директордың орынбасары қызметін атқарып, зауыттың өндірістік қызметін ұйымдастыруға жауапты болды.