Жоғары аудит палатасы (ЖАП) Қазақстанның таңбаланатын тауарлар саны бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) басқа елдерінен кейін келе жатқанын хабарлады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде әлі күнге дейін қандай тауарларды ең алдымен таңбалау керектігін көрсететін бекітілген әдістеме жоқ.
Мысалы, бес жыл бұрын Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау енгізілді, алайда заңсыз өнімдер әлі де әкелінуде.
Белгілі болғандай, өткен жылы құқық қорғау органдары 16 млн орамнан астам контрабандалық темекі өнімдерін тәркіледі, бұл үш жыл бұрынғыдан 4,5 есе көп.
Аяқ киімге қатысты проблемалық жағдай қалыптасуда. Оның импорты төрт жыл ішінде төмендеді, алайда аяқ киім дайындамаларының импорты 13 есе өсті. Оларды аяқ киім өндірушілері болып табылмайтын компаниялар жаппай әкелуде.
«Дайындамалар өндірісінің тиісті көлемі болмаған кезде аяқ киім дайындамалары импортының айтарлықтай жыл сайынғы өсуі кедендік баждарды төлеуден жалтару мақсатында аяқ киімді дайындамалар ретінде әкелу мүмкіндігін көрсетеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЖАП-та мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) таңбалау жүйесінің деректерін жеткіліксіз пайдаланатынын хабарлады.
«Қазіргі уақытта қаптамаларда Data Matrix кодтарының болмауы темекі өнімдерінің контрабандасын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, осыған қарамастан, 2024 жылы арнайы мобильді қосымшаға темекі өнімдерінің контрабандасы жағдайлары бойынша 246 өтініш келіп түсті», - деді ведомствода.
Сонымен қатар, өтініштердің ешқайсысы уәкілетті органдармен өңделмегені атап өтілді.
Еске сала кетейік, мамыр айында Семейде сәйкестендіру құралдарынсыз темекіні заңсыз сатқан трансұлттық топтың үш мүшесіне үкім шығарылды.
Құрамына үш шетел азаматын қоса алғанда, сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Қырғызстаннан жалған құжаттармен 9,3 млн орам контрафактілік темекі әкелген. Төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады.
Фонд-бюро расследования коррупции