Ұлытау облысында мемлекет меншігіне Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары қайтарылды.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 1952 жылы салынған су айдыны стратегиялық нысан болып табылады, яғни ол мемлекет меншігінде болуы тиіс.
Өз кезегінде су айдынының құрылыстары қала құрушы кәсіпорын «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген болатын. Оларды қайтару үшін облыс прокуратурасы су ресурстары министрінің атына ұсыныс енгізді.
«Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды. Енді уәкілетті органдардың алдында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы тексеру жүргізу, одан әрі жаңғырту шараларын қабылдау міндеті тұр», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Кеңгір су қоймасының мемлекет меншігіне қайтарылатыны туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтқан болатын, әлі 2024 жылдың қыркүйегінде.
Сол кезде нысандағы гидротехникалық құрылыстардың апатты жағдайда екені, ал жергілікті тұрғындардың су сапасына, оны ұтымсыз пайдалануға және соған байланысты экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіргені хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции