Skip to main content

Қазақстанда митингілерге арналған БАҚ киім үлгісі енгізіледі

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстанның Мәдениет министрлігі бейбіт жиындарға қатысатын журналистер үшін жаңа ережелерді бекітті. Жаңа енгізілімдер 2025 жылғы 15 сәуірден бастап күшіне енеді.

Нормативтік құқықтық актілер банкінің сайтының деректеріне сәйкес, енді БАҚ бейбіт жиындарда өз қызметін жүзеге асыру кезінде журналист куәлігін, сондай-ақ бұйрыққа сәйкес бекітілген нысандағы айырым белгісін өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Журналистің айырым белгілерінің нысандары желет, жеңге тағатын белгі және жапсырма болып табылатыны атап өтілді. «PRESS» деген жазуы бар желет ашық көк түсті, екі жарық шағылдырғыш жолағы болуы керек.

«Жазудың өлшемі: «PRESS» – алдыңғы бөлігінде әріптің биіктігі кемінде 40 мм, арқа жағында – кемінде 60 мм, әріптің ені кемінде 50 мм, қаріптің қалыңдығы кемінде 12 мм. Жазу латын әріптерімен орындалады, ақ немесе күміс түсті жарық шағылдырғыш матадан «Arial» қаріпімен дайындалады», - делінген құжатта.

Жеңге тағатын белгінің сипаттамасында оның «PRESS» деген жазуы бар ашық сары түсті болуы керектігі көрсетілген. Өз кезегінде, осындай жазуы бар тікбұрышты жапсырманың ені кемінде 280 мм және биіктігі кемінде 100 мм болуы тиіс.