Skip to main content

Карагандыда 339 млн теңге субсидияны ұрлағаны үшін шаруа қожалығының басшылары сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Қарағандыда мемлекеттік субсидияларды ұрлау фактісі бойынша үкім шығарылды, сомасы 339 млн теңге, бұл қаражат «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт құнын арзандатуға бөлінген болатын.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, «DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу үшін ірі қара малдың болуы, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және өткізу туралы жалған құжаттарды ұсынған.

Іс жүзінде ШҚ-ның өндірістік қызметке жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған. Сүт өнімдерін өндіру және өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған.

Ұрланған қаражаттың бір бөлігін күдіктілер 60 бас асыл тұқымды бұқа – ет тұқымды өндірушілерді сатып алуға жұмсаған. Осы әрекеттердің нәтижесінде фигуранттар 9 млн теңге мөлшерінде субсидия түрінде қосымша қылмыстық кіріс алған.

Соңында сот ШҚ басшыларын ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық»), ҚР ҚК 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру») және ҚР ҚК 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту») бойынша кінәлі деп танып, оларға 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сот ауыл шаруашылығы басқармасының 339 млн теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды.

Еске салайық, бұған дейін белгілі болғандай, Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының бұрынғы депутаты Бекет Әбішев ұсталған еді. Күдікті субсидияны заңсыз алу үшін ауыл шаруашылығы басқармасына 947 млн теңгеге таңқурай көшеттерін сатып алғаны туралы жалған құжаттарды ұсынғаны хабарланған. Нәтижесінде ол шамамен жұмсалған соманың 50%474 млн теңге мөлшерінде субсидия алған.

Бұрынғы депутат кірістерді жылыстату үшін 21 ЖК көшеттерді орау, тиеу және түсіру жұмыстарын нақты орындамай, жалған шарттар жасасқан деп болжанған.

Кейінірек құқық қорғау органдары анықтағандай, қылмысқа ауыл шаруашылығы министрлігінің бір департаментінің бұрынғы директоры Әйімбетов Б.С. қатысты болуы мүмкін.