Skip to main content

Еркіндігін шектеу арқылы СҚО балабақша қызметкері ұрлықтан құтылды

Submitted by Вера Александрова on

СҚО прокурорлары Айыртау ауданы балабақшаларының қызметін тексеру барысында сотқа дейінгі тергеулерді бастады. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандағы балабақшалардың бірінің қызметкерлері 2021 жылдан 2024 жылға дейін мектепке дейінгі ұйымға нақты бармайтын балаларды жазу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алған.

«Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі тұлғасы 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталып, мемлекет бюджетіне келтірілген залал толық көлемде өтелінді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Айыртау ауданы прокуратурасы аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Сонымен қатар, тексерулер барысында прокурорлар бірқатар басқа да бұзушылықтарды анықтап, олар бойынша қадағалау актілерін енгізді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін СҚО Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру анықталған еді.