Желіде Алматы колониясының бұрынғы басшысы, әділет полковнигі Бекзат Әкімбай ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол сыбайлас жемқорлыққа күдіктеледі.
«ZTB NEWS» Telegram-арнасы хабарлағандай, Әкімбай ұсталған кезде әлі де Алматы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) колония бастығы болған.
Өз кезегінде Informburo.kz қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) сілтеме жасап, бұл адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмағанын жеткізеді.
«Оған қатысты құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Біз кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанамыз және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции