Қазақстанның ірі сауда жылжымайтын мүлік холдингі «Mercury Properties» құрамында ротация болды: Динара Құлыбаева ұлы Алтай Асқарды ауыстырып, компанияның қос иесі болды.
Kursiv.media деректері бойынша, компания иелерінің қатарынан Тимур мен Динара Құлыбаевалардың ұлы — Алтай Асқар шықты. Қайта тіркеу деректеріне сәйкес, Асқардың үлесін анасы Динара Құлыбаева, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы алды.
Қайта ұйымдастыруға дейін компания «Кипрос» ЖШС (иесі де Тимур Құлыбаев) мен Алтай Асқарға тиесілі болғаны хабарланады. Өзгерістерден кейін құрылтайшылар қатарында «Кипрос» пен Динара Құлыбаева қалды.

Forbes Kazakhstan бағалауы бойынша, «Mercury Properties» ЖШС-нің 2024 жылғы кірісі шамамен 27 млрд теңге құрады, бұл Тимур Құлыбаевты елдегі ірі рантьелер рейтингінің екінші сатысына жатқызуға мүмкіндік береді. Холдингтің басқаруында Қазақстанның алты қаласындағы сауда орталықтары, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер және қойма үй-жайлары бар, жалпы ауданы 1 млн м²-ден асады.
«Mercury Properties» ЖШС басқаруындағы нысандардың толық емес тізімі:
- Астана: «Вега» БО; «KeruenCity» СОО-дағы үлестер; «Keruen» СОО; «Talan Gallery» СОО; «Emerald Tower» БО; «КМГ» БО; «МБЦ» БО; «Лукойл» БО; «Marden» БО.
- Алматы: «Спутник» СОО; «Зеленый Базар» СО; Moskva СОО; Абылай хан к-сі, 77 мекенжайындағы БО; Чайковский к-сі, 95 мекенжайындағы БО; Назарбаев даңғылы, 130 мекенжайындағы БО; «Forum Almaty» СОО-дағы үлестер; «Globus» СОО; «Пассаж» СО; «Car City» СО; «Promenade» СОО; «Аэровокзал» СО; «Глобус» БО; «Стандарт» БО; «Baykonyr» БО; «Almaty Towers» БО.
- Шымкент: «Кайнар» БО.
Қолдағы ақпарат бойынша, Динара Құлыбаева бұрын 2015 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде компанияның құрылтайшылар құрамында болған, содан кейін оның үлесін ұлы — Алтай Асқар алған.
Фонд-бюро расследования коррупции