Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Informburo.kz деректері бойынша, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте ведомствоның ресми өкілі Данияр Биғайдаров хабарлады. Күлшімбаев өкілеттігін асыра пайдаланып, бағыныштыларды өз үйін салуға мәжбүрлегені айтылады.
«Ол өз жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ТЖМ-ге қарасты мекемелердің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», – деп түсіндірді агенттікте.
Нәтижесінде сот Ибрагим Күлшімбаевты 5 жыл бас бостандығынан айыруға соттады. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Сонымен қатар сот Күлшімбаевты генерал-майор атағынан айыру туралы Президенттің атына ұсыныс енгізуді ұйғарды.
Фонд-бюро расследования коррупции