Талдықорған қалалық соты Жетісу облысы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау басқармасының прокурорына қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады деп айыпталған (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).
Тергеу анықтағандай, бұрынғы прокурор маусым айының басында өз танысын адастырып, оған сыйақы ақысына қылмыстық істі өз пайдасына шешуге уәде берген. Осылайша, сотталушы алдау жолымен 2 млн теңгеге жуық қаражатты иемденген.
Сотталушы кінәсін мойындап, залалды толық өтегені хабарланады.
Сот бұрынғы прокурорды кінәлі деп танып, оған он есе мөлшерде айыппұл салды, бұл 19,4 млн теңгені құрайды.
Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Фонд-бюро расследования коррупции