4 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында қайғылы оқиға болды — тұрғын үйдегі өрт кезінде бір отбасынан бес бала қаза тапты.
«Мой город» басылымының дерегінше, БҚО денсаулық сақтау басқармасы бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың ес-түссіз күйде аудандық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, оларды құтқару мүмкін болмады — балалар ес-түсіне келмей қайтыс болды. Өлімнің болжамды себебі — көміртегі тотығымен улану.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке үйдегі өрт туралы хабар шамамен сағат 15:00-де түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.
«Келген кезде үйде жеке заттар мен жиһаз 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды. Өрт толығымен сөндірілді», - деп хабарлады ведомство.
Балалардың үйде жалғыз болғаны атап өтілді — ата-аналары жұмыста болған. Отбасы жалдамалы тұрғын үйде тұрған. Өз кезегінде полиция балалардың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғады.
«Жымпиты кентіндегі жеке үйде болған өрттен кейін кәмелетке толмағандардың қазасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Өлімнің алдын ала себебі — көміртегі тотығымен улану. Тергеу аясында болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады», - деп атап өтті полиция баспасөз қызметі.
Фонд-бюро расследования коррупции