Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Түркістан облысының полицейлері Беларусь туристерінен Қазақстанның техникалық байқауынан өтпегені үшін 200 мың теңге алған оқиғаға түсініктеме берді.
Zakon.kz министр орынбасарына сілтеме жасап, патрульдік полицейлердің жұмыстан шығарылғанын хабарлайды.
«Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз, іс қозғадық. Бұл қызметкерлер бүгінгі күні жұмыстан шығарылды», – деді Игорь Лепеха.
Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусь саяхатшылары желіге видео жариялап, онда айтқандай, олар Түркістан облысындағы трассада жол қозғалысы ережесін бұзбай келе жатқан, бірақ оларды патрульдер тоқтатқан.
Полицейлер туристерден жергілікті техникалық байқаудан өтуді талап етіп, олардың камераға түскенін айтқан. Алайда оларға ешқандай дәлел көрсетпеген. Құқық қорғау органдары ақшаны бергеннен кейін туристерді енді тоқтатпайтындарына уәде берген.
Фонд-бюро расследования коррупции