Жоғарғы аудит палатасының (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов ведомство қызметкерлері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тексеріп жатқанын мәлімдеді.
БАҚ деректері бойынша, сонымен қатар аудиторлардың назарында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қарыздары тұр.
"Бұл жұмыс қазір жүргізіліп жатыр және әзірге қандай да бір нәтижелер туралы айту ерте, себебі бұл әлі процесс үстінде. Және мен бұрын айтқанымдай, І тоқсанның қорытындысы бойынша, яғни наурыз айының соңында бізде "Самұрық-Қазынада" тиімділік аудиті, сондай-ақ "Бәйтерек" компаниясында қарызды басқару жөніндегі аудит бойынша нәтижелер болады", - деді Смайылов.
Сонымен қатар, ол тексеру "Бәйтерек" ұлттық холдингіне қарасты ұйымдарда да жүріп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ЖАП ауыл шаруашылығы саласын тексерудің нәтижелерін ұсынған болатын. Ведомство төрағасы Әлихан Смайылов айтарлықтай бюджеттік шығындарға қарамастан, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін төмендететін жүйелі проблемаларды атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции