Атырау облысындағы ірі компания жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 600 млн теңгеден астам төлеуге міндеттелді.
Атырау облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «ANACO» ЖШС 2018 жылдан 2023 жылға дейін 4 237 248 м3 көлемінде шикі газ жоғалтуға жол берген, бұл өз кезегінде ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 125-бабы 2-тармағы және 147-бабы 4-тармағы талаптарын өрескел бұзу болып табылады (өндіру көмірсутектердің жоғалуын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуі тиіс).
«Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Батыс өңіраралық мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциясы басқармасы 673 130 278 теңге мөлшерінде келтірілген залалды есептеді», - делінген хабарламада.
Компанияның ерікті түрде 285 млн теңгені төлегені хабарланады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндіргені үшін «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының бас директорының орынбасары сотталған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции