Қаржы пирамидасы «Asar Baspana»-ның тұтыну кооперативі ретінде жасырынып келген қызметінің мән-жайы белгілі болды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, пирамида ұйымдастырушылары Тұғанбаев Н.М. бастаған, 86 мың азаматқа ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде етіп, 12,4 млрд теңге жинаған.
«Шын мәнінде нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүргізілген. Нәтижесінде 3,8 млрд теңге Тұғанбаев пен оның сыбайластары заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.
Тергеу анықтағандай, күдіктілер салымшыларды Алматыда құрылыс материалдары, тігін цехы және тұрмыстық және медициналық техника зауытының бар екеніне сендірген. Шын мәнінде өнімді үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алып, «Asar Baspana» логотипімен таңбалаған.
«2024 жылдың желтоқсанынан бастап, пирамидаға деген сенім төмендей бастағанда, ұйымдастырушылар автомагазиндер ашу және дилерлермен ынтымақтастық туралы жалған ақпарат таратқан. Іс жүзінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, Тұғанбаевтың туыстарына ресімделген», - деп хабарлады ведомствода.
Қаржы пирамидасына құқық қорғау органдары қызығушылық танытқанда, Тұғанбаев «Asar Baspana» сайтын қылмыстық әрекеттің іздерін жасыру үшін техникалық режимге ауыстыруды бұйырған.
«Тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының біреуіне ғана пәтер берілгені анықталды. «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің ішінен көлік те тек бір салымшыға бұйырған», - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары 49 кеңсе мен 81 фигуранттың тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіп, нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Тұғанбаев пен оның жақындарына ресімделген Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 қоса алғанда, 10 премиум-класс автокөлігін тәркілеген.
Сонымен қатар, Ақтауда Тұғанбаевтың ағасынан кооперативтің шоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша тәркіленді. Сонымен бірге уәкілетті органдар 1,2 млрд теңгеден астам сомадағы шоттарды тұтқындап, шектеді.
Еске сала кетейік, Шымкентте «Asar Baspana» басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған болатын 2023 жылдың қыркүйегінде. Сонда іс фигуранттары 700 млн теңгеден астам сомада залал келтірді деп айыпталған.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Asar Baspana» қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы ұсталды. Сот санкциясымен олар 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Белгілі болғандай, күдіктілер салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерге (БАДтар, ас үй ыдыстары, косметика және басқа да тауарлар) ақша салуды ұсынған.
Фонд-бюро расследования коррупции