Бас бухгалтер Алматы қаласының №30 емханасының 340 387 113 теңге жымқырғаны үшін сотталды. Онымен бірге айыпталушылар лавкасында емхананың есепші-бухгалтері отырды.
Соттардың баспасөз қызметінің мәліметінше, бас және есепші-бухгалтерлер 2019 жылғы маусымнан 2023 жылғы қарашаға дейін емханада жұмыс істемейтін адамдардың карталық шоттарына жалақы мен үстемеақыларды есептеген. Айыпталушылар кінәларын толық мойындағаны хабарланады.
Нәтижесінде сот бас бухгалтерді кінәлі деп танып, оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Есепші-бухгалтер 7 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды.
Екеуіне де 5 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Еске салайық, бұрын астаналық медициналық орталықтың дәрігері Макишев сотталған болатын. Ол 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін жауапқа тартылды. Медициналық орталықтың дәрігері жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін пациенттен заңсыз сыйақы алған.
Сонымен қатар, жыл басында Ақтөбе облысының Антикор қызметкерлері көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері Ержан Өзгеновті жемқорлыққа күдікпен ұстағаны хабарланған болатын. Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға келіскен.
Фонд-бюро расследования коррупции