Котырбұлақ өзені Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында арнасынан асып, жеті үй аумағы мен медициналық орталықты су басты.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінің мәліметінше, су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы болған.
Ауыл тұрғындары арна бойына өз бетінше қоршаулар мен беседкалар орнатқан, бұл ағынның өткізу қабілетінің төмендеуіне әкелген.
«Зардаптарды жою және одан әрі су басудың алдын алу үшін Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы жағындағы арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Судың ақуының жоюға шамамен 15 адам, 5 бірлік техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта су ағыны тоқтатылды. Уәкілетті органдар бұзушыларды анықтап, өзен арнасының өткізу қабілетін қалпына келтіруде.
Алматы облысы ТЖД азаматтарды су пайдалану ережелерін сақтауға және су айдындарының арналарын өз бетінше өзгертпеуге шақырды.
Фонд-бюро расследования коррупции