Skip to main content

Алматы BRT келесі жылы салынады

Submitted by Вера Александрова on

Алматыдағы BRT жылдам автобус көлігі желісінің құрылысы келесі жылға шегерілді. 

БАҚ деректері бойынша, қалалық әкімдік мерзімнің ауыстырылуы автожолдардың жабылуына байланысты көлік коллапсын болдырмауға көмектесетінін мәлімдеді.

«Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жобаны талқылау бойынша дөңгелек үстел басында көлік саласының сарапшысы Руслан Мухомедьяров негізгі құрылыс жұмыстарын осы күзде емес, келесі жылдың сәуірінде бастауға шақырды», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сарапшы құрылысты тоқтатпай, жүріп өтуге кедергі келтірмейтін және жолды тарылтпайтын жұмыстарды біртіндеп бастауды ұсынды. Оның айтуынша, негізгі жұмыстарды келесі жылы жүргізген дұрыс. 

Нәтижесінде әкімдік BRT жобасын бірнеше кезеңмен жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. 

Белгілі болғандай, жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі 2014 жылы әзірленген болатын.

1,7 км ұзындықтағы бірінші учаске Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін созылады деп күтілуде. BRT-дің Алтын орда көшесінен Жетісу көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 17 км деп болжануда.