Үкімет Ақтаудың магистральдық жылу желілерін қайта жаңартуға 5 млрд теңге бөлді. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.
«Құжат Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жобасын іске асыруға Маңғыстау облысының бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 5 млрд теңге аударуды көздейді», - делінген хабарламада.
Бұл қаражат ұзындығы 11,5 км болатын ең тозған трасса учаскесін қайта жаңартуға жұмсалады.
Жалпы, 2024-2026 жылдар аралығында 44 км магистральдық жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет, олардың тозуы 75%-дан асады. Ақтаудың жылумен жабдықтау желілерінің негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-жылдары пайдалануға берілгені атап өтілді.
Бұл шаралар халыққа сапалы коммуналдық қызметтер көрсету және жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында премьер-министр Олжас Бектенов Риддер ЖЭО-ның қайта жаңарту барысымен танысу үшін ШҚО-ға барып, энергетика министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Сәуір айында Шахтинск тұрғындарының пәтерлерінің суық болуына шағымдануынан кейін жергілікті ЖЭО-ға жылыту маусымын бұзғаны үшін шамамен 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции