Skip to main content

Абай облысындағы мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтар үшін шенеуніктерге 1,7 млн теңге айыппұл салынды

Submitted by Вера Александрова on

Абай облысы Аягөз ауданында прокуратура мемлекеттік сатып алу саласында 200 млн теңге сомасына бұзушылықтарды анықтады. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау бойынша қызметтерді бір көзден алу тәсілімен заңсыз сатып алған. 

Бұл басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысу мүмкіндігін шектеп, бәсекелестік қағидаттарын бұзған.

Прокуратураның араласуынан кейін заңсыз келісімшарт бұзылып, қызметтерді сатып алу рәсімі бәсекелестік ортаға қайтарылды. 

Нәтижесінде ТКШ бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігіне («Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу») сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, осыған ұқсас бұзушылықтар үшін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары және алты ауылдық округ әкімі жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының прокурорлары Қаратал ауданы әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысын мемлекеттік сатып алу кезіндегі бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.