Алматы қаласында қалалық емхананың бухгалтерлері Хангиреева К. мен Туганбаева А. сотталды. Олар бюджет қаражатын жымқыруда айыпталды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушылар ауруханада жұмыс істемеген адамдарға жалақы және басқа да төлемдерді аударған. Келтірілген залал 341 млн теңгеден астам болды.
Нәтижесінде сот айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оның қол астындағы Туганбаева 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық медициналық орталықтың дәрігері Макишев сотталып, 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін жазаланған болатын. Медициналық орталықтың дәрігері жоспарлы хирургиялық операцияны жүргізгені үшін пациенттен заңсыз сыйақы алған.
Сонымен қатар, жыл басында Ақтөбе облысының Антикор қызметкерлері көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері Ержан Узгановты сыбайлас жемқорлыққа күдікпен ұстағаны хабарланған болатын. Ұсталған адам кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға келіскен.
Фонд-бюро расследования коррупции