Skip to main content

3 мың тонна отынды Абай облысындағы депо бастығы мен машинист ұрлады

Submitted by Вера Александрова on

Локомотив депосының басшысы Смағұлов А. және жылу техникасы машинисі Мейрамғазин М. 2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін Абай облысында дизель отынының шығынын көтеріп көрсетіп, заңсыз түрде 920 млн теңге көлемінде иемденген. 

Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталғандар локомотивтерді пайдалану кезінде дизель шығынының артуын түсіндіру үшін есептерде қатты жел сияқты экстремалды ауа райы жағдайларын көрсеткен. 

Осылайша, қылмыскерлер 3 мың тоннадан астам отынды иемденген. 

Нәтижесінде сот депо бастығын кінәлі деп танып, оны 8 жыл бас бостандығынан айыруға үкім етті. Машинист Мейрамғазин 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды. 

Сондай-ақ, екеуі де материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының соты Қостанай облысындағы ҚТЖ лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарған. Олар теміржол кранын жөндеуге бөлінген дизель отыны мен ақша қаражатын жалпы сомасы 12 млн теңге көлемінде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.