Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлері Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және басқа бағыттар бойынша жүретін 20-дан астам әлеуметтік маңызы бар жолаушылар пойызында 284 бұзушылық анықтады.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыздарда жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы түрінің нормаларға сәйкес келмеуі, ауа баптағыштардың және аз қозғалатын халық топтарына арналған жағдайлардың болмауы, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. анықталған.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден астамды құрағаны хабарланды.
«Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынды. Тасымалдаушыларға 10 күнтізбелік күн ішінде тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды», - делінген хабарламада.
Елде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар пойызы жұмыс істейтіні атап өтілді. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын тексеруді жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұрын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны болып табылатын "Жолаушылар тасымалы" АҚ компанияның солтүстік филиалының пойыздарын тексерген болатын. Тексеру көрсеткендей, клинингтік компания Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және басқа бағыттар бойынша жүретін пойыздарда қызметтерді сапасыз көрсеткен. Сонымен қатар, аудит құжаттарды бұрмалау фактісін анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции