Skip to main content

18 млн теңге Рудныйдағы балалардан ұрланды

Submitted by Вера Александрова on

Рудный қаласының прокуратурасы «Балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені» КМҚК қызметін тексерді. Аудит ерекше ірі мөлшердегі ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады. 

Қостанай облысы прокуратурасының хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу ҚК 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша жүргізілді. 

Балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдары балалар сауықтыру орталықтарына жолдама сатып алуға арналған 18 млн теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды. 

Тиісті қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Еске сала кетейік, мамыр айында белгілі болғандай, елордалық балабақша меңгерушілері мен серіктестік директоры тиісінше 3 және 4 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. 

Меңгерушілер сатып алынбаған азық-түлік өнімдеріне өтінім беріп, жалған құжаттарды ресімдеген. 

Осылайша жымқырылған ақшаны кейін олар серіктестік директорының шотына аударған. Келтірілген залал сомасы 35 млн теңгені құрады. 

Апелляциялық саты меңгерушілердің нақты жаза мерзімін бірқатар жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, бас бостандығын шектеуге ауыстыруға келісті. Алайда ЖШС директорына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды