Skip to main content

Астанадағы Триатлон саябағында тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша рейд өткізілді

Submitted by Вера Александрова on
рейд

Астана қаласындағы Триатлон саябағында кезекті профилактикалық рейд өтті, оның барысында әкімдік және полиция қызметкерлері аумақта тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексерді. Рейд «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, саябақ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

 

РЕЙД ҚАЛАЙ ӨТТІ

Әкімдік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері саябақта болған қала тұрғындары мен қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар келушілердің назарын қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігіне аударды: демалыстан кейін қоқысты жинау, аумақтың ластануына жол бермеу және белгіленбеген жерлерде от жағуға тыйым салу.

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

«„Таза Қазақстан" акциясы аясында Алматы ауданының саябақтарында апта сайын профилактикалық рейдтер өткізіледі. Атап айтқанда, „Жерұйық" және Триатлон саябақтары — біздің ауданымыздағы ең ірі және ең көп баратын демалыс орындары. Мұнда қала тұрғындары табиғат аясында жиі демалады, пикниктер ұйымдастырады және кейбір жағдайларда белгіленген ережелерді бұзып, қоқыс қалдырады. Осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында біз тұрақты негізде профилактикалық рейдтер мен халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», — деп атап өтті Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева.

ПОЛИЦИЯ ТАРАПЫНАН БАҚЫЛАУ

Учаскелік полиция инспекторлары рейд барысында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуын бақылайды.

«Тапсырылған әкімшілік учаскеде біз күн сайын профилактикалық рейдтер жүргіземіз. Басты мақсат — қала тұрғындарына тазалықты сақтау мәдениетін сіңіру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Саябақтар мен демалыс орындарында азаматтардың белгіленбеген жерлерге қоқыс тастамауына, табиғи аймақтарға зиян келтірмеуіне және тыйым салынған жерлерде от жақпауына ерекше назар аударамыз. Әрбір тұрғын қаланың тазалығы мен қоғамдық тәртіпке өз үлесін қосуы тиіс. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша („Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" — ФБРК ред. ескертпесі) әкімшілік жауапкершілікке 2691 бұзушы, ал ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша („Ортақ пайдалану орындарын ластау" — ФБРК ред. ескертпесі) 30-дан астам құқық бұзушы тартылды», — деп хабарлады Астана қаласы Алматы ауданы полиция басқармасының №4 учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты аға инспектор Нұралы Тәңірбергенов.

 

 

Источник
пресс-служба акимата Астаны
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».