Атырау облысының учаскелік полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеуді үйренуде
Атырау облысында полицияның учаскелік инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зардап шеккендермен жұмыс істеу бойынша оқытылуда. Үш күндік семинар-тренингте полицейлерге заң талаптары ғана емес, сонымен қатар стресске түскен адаммен қалай сөйлесу керектігі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндіріледі. Отбасылық жанжалдар туралы шақыртуларға ең бірінші болып көбінесе учаскелік инспекторлар келеді.
Фонд-бюро расследования коррупции