Негізгі мазмұнға өту

Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Каримованың активтерінен тағы 252,5 млн долларды қайтаруға келісті

Submitted by Aisulu Muratqyzy on
Швейцария

Өзбекстан мен Швейцария Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың тәркіленген активтерінен 252,5 млн долларды қайтару туралы келісімге қол қойды. Ақша мектептер салуға, балалар медицинасын дамытуға және онкологиялық ауруларды емдеуге жұмсалады.

ТӘРКІЛЕНГЕН АКТИВТЕР ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Gazeta.uz сайтының Өзбекстан Экономика және қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, активтердің кезекті бөлігін қайтару туралы келісім 2026 жылғы 24 қарашада бекітілді.

Қор қаражатын бөлу стратегиясының екінші кезеңіне экономика және қаржы вице-министрі Отабек Фазилкаримов, Швейцария елшісі Симон Гигер және Өзбекстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тұрақты үйлестірушісі Сабине Махл қол қойды.

Жарнама

Қаражат Өзбекстан, Швейцария және БҰҰ құрған «Ишонч-2030» (Uzbekistan Vision 2030 Fund) трасттық қоры арқылы бөлінеді. Әлеуметтік жобалар БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қатысуымен жүзеге асырылады.

АҚША НЕГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

Қаражатты бөлу стратегиясының екінші фазасы екі басым бағытты көздейді:

  • Денсаулық сақтау — балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті жақсарту, аурулардың алдын алу және ерте анықтау, қатерлі ісіктің жекелеген түрлерін емдеуге қолжетімділікті кеңейту және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
  • Білім беру — жаңа мектептер салу, цифрлық технологияларды енгізу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

Басымдық ауылдық аумақтар мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға беріледі.

ҚАРАЖАТТЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ҚАЛАЙ БАҚЫЛАНАДЫ

Стратегия сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және жобалардың тиімділігін бағалау шараларын көздейді. Тәуелсіз мониторингке азаматтық қоғам өкілдері тартылады.

КАРИМОВАНЫҢ ҚАНША АКТИВІ ӨЗБЕКСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Швейцарияның құқық қорғау органдары Каримованың активтеріне қатысты қылмыстық тергеуді 2012 жылы бастаған.

$131 млн қайтару туралы бірінші келісімге тараптар 2022 жылдың тамызында, ал екіншісі — шамамен $182 млн қайтару туралы — 2025 жылдың ақпанында қол қойды.

Жаңа келісімді ескергенде, осы үш келісім бойынша қайтарылуға тиіс қаражаттың жалпы сомасы $565,5 млн жетті.

2022 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанның әділет министрлігі Гүлнара Каримованың және онымен байланысты топтың шетелдік активтерінің жалпы құнын шамамен $1,4 млрд деп бағалаған болатын.

Источник
Gazeta.uz
Жарнама
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».