Қостанай облысы Қарабалық ауданының білім бөліміндегі тексеру бюджет қаражаты мен мектеп жабдықтарының миллиондаған теңге көлеміндегі жетіспеушілігін анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша бөлім басшысы қызметінен босатылды, ал қылмыстық іс рақымшылық бойынша тоқтатылды.
ПРОКУРАТУРА НЕНІ АНЫҚТАДЫ
Қостанай облысы прокуратурасының хабарлауынша, жауапты лауазымды тұлға 768 мың теңгені кіріске алмаған. Тексеру сонымен қатар құны 8,7 млн теңге болатын мектеп жабдықтарының және оны сатып алуға бөлінген 744 мың теңгенің жоқтығын анықтады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС НЕГЕ ТОҚТАТЫЛДЫ
Анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы («Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кейіннен залал толық көлемде өтелді, ал қылмыстық іс рақымшылық актісінің негізінде тоқтатылды.
САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ
Прокурорлар сондай-ақ білім бөлімінің конкурстық рәсімдерсіз 50 млн теңгеден астам сомаға тауарлар сатып алғанын анықтады.
Сонымен қатар жабдықтың белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен кепілдік міндеттемелер болмаған.
КІМ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Тексеру қорытындысы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды, тағы жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фонд-бюро расследования коррупции