Негізгі мазмұнға өту

Алматы полициясы ақылды көзілдірік арқылы іздеуде жүрген ер адамды ұстады

Submitted by Вера Александрова on
полицейские Алматы протестировали умные очки

Алматы полициясы ведомстволық дерекқорлар бойынша бет-әлпетті тексеретін ақылды көзілдіріктерді сынақтан өткізді. Жабдық әзірге бір данамен ұсынылған, бірақ алғашқы нәтиже бар. Оның көмегімен Шымкент полициясы іздестіріп жатқан ер адам анықталды.

КӨЗІЛДІРІК АРҚЫЛЫ КІМ ТАБЫЛДЫ

Polisia.kz хабарлағандай, Алматы мешіттерінің бірінде биометриялық бейнеаналитика функциясы бар ақылды AR-көзілдіріктер арқылы Шымкент полициясының бастамасымен іздестіруде жүрген ер адам анықталды.

Ақпарат тексерілгеннен кейін ол ұсталып, одан әрі процестік іс-әрекеттер үшін тапсырылды.

 

АҚЫЛДЫ КӨЗІЛДІРІК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Көзілдірік бет-әлпетті ведомстволық дерекқорлар бойынша жедел тексеруге мүмкіндік береді. Қызметкер ықтимал сәйкестік туралы ақпаратты тікелей көру аймағында алады және смартфонға немесе планшетке алаңдамайды. 

Әзірге жабдық пилоттық режимде пайдаланылып, бір данамен ұсынылған.

ПОЛИЦИЯҒА МҰНДАЙ КӨЗІЛДІРІК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Технология адамдар көп жиналатын жерлерді патрульдеу кезінде ерекше өзекті, мұнда іздестірудегі адамдарды уақтылы анықтау маңызды.

Полицияда заманауи технологияларды қолдану іздестіру жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.

АЛМАТЫДА БЕТ-ӘЛПЕТТІ ТАНУ ТАҒЫ ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

2025 жылдың қазанында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алматы полициясы қала тұрғындары көп демалытын орындарда бейнеаналитика жобасын іске қосқаны хабарланған болатын. Жүйелер бұрын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жиі тіркелген 12 ойын-сауық мекемесіне орнатылды.

Камералар бет-әлпетті танып, төбелестерге, адамдардың жиналуына, агрессивті мінез-құлыққа және рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегу сияқты ұсақ қоғамдық тәртіп бұзушылықтарға ден қояды. Бейнежүйе қалалық жедел басқару орталығымен интеграцияланған.

Сол кезде Алматы полиция департаментін басқарған Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, жүйе іске қосылғаннан бері бұл мекемелерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Алгоритмдер сондай-ақ қылмыстық істер бойынша іздестіруде жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткендерді анықтауға мүмкіндік берді.

Сонда жоба барлық ойын-сауық мекемелеріне, сондай-ақ саябақтарға, базарларға, сауда орталықтарына, ойын-сауық және спорт алаңдарына таратылатыны хабарланған болатын.

Источник
Polisia.kz
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».