Skip to main content

Түркістан облысында 320 млн теңгеге заңсыз жер ресімдеу анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысының прокуратурасы жер учаскелерін заңсыз беру, ресімдеу және оларды мемлекеттік меншіктен шығару фактілерін анықтады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сауран ауданында жалған құжаттар негізінде 2 мың га ауылшаруашылық жерлері жеке тұлғаларға ресімделген. Кейін олардың мақсаттық бағыты бизнес үшін өзгертілген.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 320 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Полиция қызметкерлері екі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сонымен қатар Төлеби ауданында жерлерді заңсыз берудің, олардың мақсаттық бағытын өзгертудің, сондай-ақ жер комиссиясының шешімінсіз жалдау мерзімдерін ұзартудың 23 жағдайы анықталды. 

Дәл осы ауданда белгіленген мерзімде игерілмеген 39 учаске жеке меншікке берілген.

«Осы деректер бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, материалдар прокуратураның КЕК (кітап есепке алу кітабы) тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне берілді», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз аралығында облыс прокуратурасының актілері бойынша кадастрлық құны 2 млрд теңгеден асатын жерлер мемлекетке қайтарылғаны атап өтілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Ұлытау ауданындағы ЖШС-ті тексеріп, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 90 000 га жайылымды анықтады.

Серіктестікке учаскені игеру туралы нұсқама берілді, алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмады. Департамент жерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.