Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында алаяқтардың жасанды интеллектіні пайдаланып, оның атынан жалған хабарламалар тарататынын айтты.
«Соңғы уақытта белгісіз адамдар жасанды интеллект көмегіне жүгініп, менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиіледі», - деп хабарлады министр.
Аида Балаева мұндай хабарламаларды елемеуге және белгісіз нөмірлерді бұғаттауға шақырды.
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында алаяқтар жасанды интеллект көмегімен Қасым-Жомарт Тоқаевтың видео үндеуін жасап, онда Президент Илон Маск құрған жаңа инвестициялық платформаны қолдауға шақырған болып көрінген.
Сол жылдың қараша айының басында Facebook әлеуметтік желісінде Дариға Назарбаева Қазақстан тұрғындарына небәрі екі сағатта 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жоба туралы айтатын жалған видео пайда болды.
Кейінірек желіде Президент Тоқаев пен Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе қазақстандықтарға 2 млн теңгеден бастап табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа жоба туралы айтып жатқан жалған видео тарады.
Биылғы сәуірде алаяқтардың қазақстандықтарға үкімет мүшелерінің атынан жалақыға дейін ақша «сұрап» хабарлама жіберетіні белгілі болды. Кейбір азаматтарға тіпті премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан да хабарламалар келген.
Фонд-бюро расследования коррупции