Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында құқықбұзушылықты анықтады.
polisia.kz деректеріне сәйкес, TikTok-та үйлену кортежінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видео пайда болды.
«Audi S4, LADA 2107, Volkswagen Golf, Mitsubishi Pajero және LADA 2115 автокөліктерінің иелері қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамағаны, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы авариялық жағдайдың туындауына әкеп соқты», - делінген хабарламада.
Полицейлер әкімшілік хаттамалар толтырғаны, автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынғаны хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции