Skip to main content

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби адалдыққа тексеру жоспарлануда

Submitted by Вера Александрова on

«Открытые НПА» сайтында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға мемлекеттік қызметшілердің кәсіби адалдығын тексеруге қатысты түзетулер жарияланды.

Жобада көрсетілгендей, тестілеуді Integrity check жүйесі бойынша өткізу жоспарланған. Күтілетіндей, бұл қызметкердің заңнаманы сақтай отырып, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланбай, кәсіби міндеттерін адал және әділ орындайтынын анықтауға көмектеседі.

«Тестілеу өз еркімен жүргізіледі, кәсіби адалдыққа тестілеуден өтпегені туралы хабарлама алынған сәттен бастап тестілеуден өтпеу фактісі бойынша тәртіптік іс жүргізу аяқталғанға дейінгі кезеңді қоспағанда», - делінген хабарламада.

_____________

Анықтама үшін: Integrity check - бұл АҚШ, Венгрия, Австралия, Румыния сияқты бірқатар елдерде мемлекеттік қызметшінің кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін қолданылатын кәсіби адалдықты тексеру.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде ІІМ Integrity Check тетігі аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру барысы туралы хабарлаған болатын. Ведомствоның деректері бойынша, патрульдік полициядағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 38%-ға, ал көші-қон қызметінде 74%-ға төмендеген. Қызметкерлерден өздерін параға сатып алу әрекеттері туралы түскен хабарламалар саны алты есеге - 82-ден 504-ке дейін өскен.