Skip to main content

Манғыстау облысында 300-ге жуық бала уланды

Submitted by Вера Александрова on

6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Бесшокы тұрғын алабында бастауыш сынып оқушылары асханада түскі астан кейін жаппай уланды.

ORDA мәліметінше, билік әзірге уланудың себебін айтқан жоқ. Алайда ата-аналар сол күні балалардың мектеп асханасында котлет қосылған картоп пюресін жегенін айтады.

Шамамен 300 баланың улануының нақты себебін арнайы тексеру анықтайды. 

Ресми ақпарат бойынша, қазіргі уақытта үй жағдайында 222 бала ем қабылдап жатыр, 67 бала ауруханада, тағы 2 бала реанимацияда жатыр.



Олардың бірінің анасы Кәмшат Кенжебаева ұлын көруге бір тәулікке жуық уақыт рұқсат берілмей жатқанын айтты.

«Дәрігерлер оның жағдайы жақсарды, көзін ашты дейді. Бірақ әзірге мені оған жібермей жатыр», — деді әйел.

Жергілікті тұрғын Гүлмира Жұмабаева, оның ұлы да уланып, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, балаларының бұрын да мектеп асханасындағы тамаққа шағымданғанын айтты. Енді әйел болған оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етпек.

«Мектеп чатын ашсам, ондай шу болды. Барлық ата-ана балаларының уланғанын жазды. Барлығында ұқсас белгілер — құсу, іш өту. Менің ұлым оған қоса сарнай бастады, өз есіміне жауап бермей қойды, аяғынан тұра алмады, басын көтере алмады. Бұрын қарапайым улану кезінде мұндай болмаған. Енді не ойларымды білмеймін. Асханада дезинсекция жүргізіп, одан кейін ыдыстарды жууды ұмытып кеткен болуы мүмкін. Немесе пюреге арналған картопты алдын ала бір күн бұрын пісіріп қойып, түнде ашып кеткен болуы мүмкін», — деді Гүлмира Жұмабаева.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев ауруханалардағы балалар санының азайғанын мәлімдеді. 

Алайда зардап шеккен балалардың ата-аналары журналистерге науқастардың әлі де түсіп жатқанын айтты. Белгілі болғандай, Бесшокы мектебінің оқушылары үшін ауруханада тұтас блок бөлінген.

Еске салайық, маусым айында Түркістан облысы Келес ауданының жеке балабақшасында 34 бала тамақтан уланған.

Балалар таңғы астан кейін өздерін нашар сезіне бастаған. Балабақша қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткен. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Одан сәл бұрын СҚО Қызылжар ауданында дүкеннен сатып алынған тағамдарды тұтынғаннан кейін бес адамнан тұратын отбасы уланған. 3 және 6 жасар екі бала қайтыс болды.