Skip to main content

Астаналықтар 136 млн теңгеге ретсіз қоқыс үйінділері үшін айыппұлға тартылды

Submitted by Вера Александрова on

Жыл басынан бері Астанада 162 мың тонна қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды. Уәкілетті органдар 221 учаскеде рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтады.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы ауданында 115 осындай учаске жойылып, шамамен 55 мың тонна қоқыс шығарылды.

Байқоңыр ауданында 10 учаске жойылып, шамамен 8 мың тонна қоқыс шығарылды. Есіл ауданында 18 нүкте жойылып, одан шамамен 20 мың тонна қоқыс шығарылды.

Сарыарқа ауданында 39 ретсіз қоқыс үйіндісі анықталып, одан шамамен 38 мың тонна қоқыс шығарылды. Нұра ауданындағы жойылған 39 нүктеден 40 мың тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен бірге, Астанада рұқсатсыз қоқыс үйінділерінен қоқысты жинау үшін қалалық ҚТҚ полигонының жанындағы уақытша алаң белгіленгені, ол Алаш тас жолы, 64 мекенжайында орналасқаны хабарланады.

Сонымен қатар IKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты шығару және оны тиым салынған жерлерге тастау фактілері анықталады.

Жыл басынан бері ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 9 мың құқықбұзушы 136 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қоқысты рұқсатсыз тастағаны үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
 
Еске сала кетейік, бұрын Жаңаөзенде қоқыс шығару қызметінің құнын асыра көрсету фактісі анықталған болатын. Қала тұрғындары үшін тариф 433,46 теңгені құрады, оның 87,87 теңгесі қоқысты сұрыптау үшін алынды. Алайда 2023 жылдың қарашасынан бастап қалада қоқыс сұрыптау жүргізілмеген. Осылайша, 152 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 1556 кәсіпорын, 117 млн теңгеге артық төлем жасаған.

Қазан айының басында Балқаш экоактивистері қоқысты тиым салынған жерге тастайтындарды қатаңырақ жазалауды талап етті. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындар мен полигонға көму үшін төлем төлегісі келмейтін ұйымдар қала шетін ластап жатыр.

Мысалы, Балқаш қаласының шетінен олар бұрын стадионда пайдаланылған пластик орындықтарды тапты. Олар қалалық спорт бөліміне тиесілі болған. Оларды ауыстырған мердігер табылып, жауапкершілікке тартылды.

Наурызда Сенат депутаты Зәкіржан Күзiев экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қазақстандағы қоқыс сұрыптау туралы ақпаратын «қағазда сызылған» деп атады. Сондай-ақ ол экология министрлігі мен әкімдіктерді қалдықтарды қайта өңдеудің орнына үлкен қоқыс полигондарын құруды жөн көретіні үшін сынға алды.