Skip to main content

Астанадағы емхана ФБРК жарияланымынан кейін егуге келісім нысандарын өзгертті

Submitted by Вера Александрова on
бланки согласия на вакцинацию

Астанадағы вакцинацияға келісім беру бланкілеріне шағымданған оқушылардың ата-аналарына құжаттың жаңа нұсқасы берілді. Енді вакцинаның атауы келісімде де, бас тартуда да толық басылған, ал сауалнамадан аутизм белгілері мен жүктілік туралы сұрақтар алынып тасталды. Сонымен қатар, баланың денсаулығы туралы сауалнама қайтадан үйге толтыруға берілді, дегенмен ереже бойынша оны медицина қызметкері жеке әңгіме барысында толтырады.

ЕМХАНАДА НЕ УӘДЕ ЕТІЛДІ

ФБРК-ға ата-аналар айтқандай, редакцияға жүгінгеннен кейін олармен мектепке қызмет көрсететін «Салауатты Астана» ЖШС-нің мектеп медкабинеттерінің меңгерушісі хабарласты. Ата-аналардың сөзінше, меңгеруші вакцинаның атауы түсініксіз көрсетілгенін, ал сауалнамада жасына сәйкес келмейтін сұрақтар бар екенін мойындап, жаңа бланкі беретінін уәде етті.

БЛАНКІДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ

Бірінші нұсқада вакцинаның атауы қолмен қысқартылып жазылған және тек келісім нысанында ғана болды. Енді екі нысанда да ол қандай ауруларға қарсы екпе жасалатынын көрсете отырып, толық басылған.

Сауалнамадан нәрестелерге арналған аутистік спектр бұзылыстарының белгілері туралы бөлім және «әйел жынысты тұлғаларға» арналған жүктілік пен емшек емізу туралы сұрақтар жоғалды. Бас тарту нысаны енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы Санитарлық ережелерге қосымшаның жаңа редакциясы бойынша ресімделген.

Бланкіге қазақ тіліндегі жаднама қоса берілді. Онда екпенің не үшін қажет екені және ол қорғайтын аурулардың қаншалықты қауіпті екені түсіндіріледі.

 

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Сауалнама әлі де ата-аналарға қолға беріледі: жаңа бланкі жаднамамен бірге, бірінші реттегідей, бала арқылы жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұған дейін ФБРК-ның сауалына оны медицина қызметкері ата-анамен әңгіме барысында толтыратынын, ал сауалнаманың өзі «ата-аналардың өз бетінше толтыруына арналған анкета болып табылмайтынын» жауап берген болатын.

Сауалнамада баланың соңғы 14 күн ішінде жұқпалы аурулармен ауыратындармен байланысы туралы және өткерілген коронавирустық инфекция туралы сұрақтар, сондай-ақ тірі вакциналарға арналған бөлім қалды, дегенмен бланкіден вакцинаның тірі екенін әлі де түсінуге болмайды. Келісім мен бас тарту, бұрынғыдай, қағаз түрінде ресімделеді, дегенмен ведомствоның түсіндірмесі бойынша негізгі нысан — электрондық.

Жаднамада екпеден кейінгі ықтимал реакциялар туралы ақпарат жоқ. Санитарлық ережелер бойынша медицина қызметкері ата-анаға екпенің өзі, ықтимал реакциялар және бас тартудың салдарлары туралы айтуға тиіс. Жаднаманың өзі толық ақпарат үшін медицина қызметкерлеріне жүгінуді ұсынады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін ФБРК оқушылардың ата-аналары жоспарлы вакцинация алдында алған бланкілер туралы айтқан болатын. Медиктер вакцинаның атауын қысқартып, тек келісім бағанына алдын ала жазған, ал сауалнаманы ата-аналар үйде, олардың сөзінше, «білмеймін» деп жауап беру құқығынсыз толтырған. Кейінн Денсаулық сақтау министрлігі растады, сауалнаманы медицина қызметкері толтыруға тиіс, ал Санитарлық ережелерді, оның ішінде вакцинация алдындағы сауалнама тәртібін 2027 жылы қайта қарау жоспарланып отыр.

ФБРК сондай-ақ «Салауатты Астана» ЖШС-не жағдайды түсіндіру өтінішімен сауал жолдаған, бірақ емхана ешқандай жауап бермеді.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».