В «ақылды» Ақкөл қаласында ойпатта орналасқан үйді су басып жатыр. Оған жер астынан атқылап шыққан бұлақтар себеп. Суды бұру үшін салынған қолдан жасалған арық қатып қалады, ал жергілікті билік техниканың жоқтығын сылтауратып, ешқандай шара қолданбайды.

«Чиновник» Telegram-арнасының мәліметінше, «Smart Aqkol» жобасы туралы 2019 жылдың басында, оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа салтанатты түрде таныстырған кезде белгілі болды. Ол кезде жобамен «Қазақтелеком», «Еуразиялық топ», «Tengri Lab» және «АРЭК» айналысқан болатын.
Жоба авторлары барлық жерде әрбір үй мен пәтерді «ақылды датчиктермен» және су, электр энергиясы мен жылуды есепке алу аспаптарымен жабдықтағанын, ал барлық деректердің Бірыңғай жағдаяттық орталыққа түсетінін мәлімдеген.
«Бұл ретте жағдаяттық орталық тек ақпарат жинап қана қоймай, оны талдайды. Ал Smart Aqkol жүйесінің басқа дерекқорлармен интеграциясы қаланың тыныс-тіршілігі туралы мәліметтерді терең талдауға, ағымдағы жағдай туралы жаңа білім алуға және қалалық билік пен қызметтердің шешім қабылдауының тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады жобаны орындаушылар.
Көріп отырғанымыздай, Ұлттық компания өкілдерінің, қазақстандық олигархтар мен отандық техниктердің даңғырлары мен асыра сілтеулеріне қарамастан, «ақылды» жоба Ақкөлді қарапайым су тасқынынан қорғай алмады.
Фонд-бюро расследования коррупции