Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға және амнистияға үміткер бола алмайды
Өскемен қаласының соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омарды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым салына отырып, алты жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстар сыбайлас жемқорлық ретінде сараланғанына байланысты оған амнистия және шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануы мүмкін.
Фонд-бюро расследования коррупции