Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтар анықталды.
Өңір прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым Московское ауылында құны 859,6 млн теңге болатын су құбырын салу туралы келісімшарт жасасқан.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабы 9-тармағының күшіне сәйкес, өнім беруші келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде 89,4 млн теңге енгізді, - делінген хабарламада.
Нысанды 2023 жылғы 20 шілдеге дейін тапсыру жоспарланған, алайда мердігер нысанда іс жүзінде жұмыс жүргізбеген. Нәтижесінде келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылған жағдайда, келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылмайды, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі», - деп түсіндірді ведомствода.
Прокуратураның араласуынан кейін мердігерден 89,4 млн теңге өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында хабарланғандай, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылында оқушылар ұждансыз мердігердің кесірінен жартылай жөнделген ғимаратта оқуға мәжбүр болған.
Маусым айында белгілі болғандай, екі жыл бұрын Алматыда ботаникалық бақ аумағындағы көрме жылыжайын қайта жаңғырту басталған, алайда мердігерлер жұмысты аяқтамаған. Қазір нысан басшылығы жылыжайды қайта жаңғыртуды аяқтау үшін демеушілер іздестіруде.
Фонд-бюро расследования коррупции