Skip to main content

ЖКО-ның екі жұмыскері ШҚО-да топырақ опырылуынан қаза тапты

Submitted by Вера Александрова on

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде коммуналдық қызметтің екі қызметкері қаза тапты.

Облыс әкімі Нұрымбет Сактағанов Instagram-парақшасында хабарлағандай, қайғылы оқиға топырақтың опырылуы салдарынан болған. 

«Әкімдік атынан және жеке өзім Ержан Айтпаев пен Сергей Кастериннің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл ауыр және орны толмас қайғы», - деп жазды әкім.

Ол қаза тапқандардың отбасыларына моральдық және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Қазір еңбекті қорғау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелеріне жүйелі және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру өте маңызды», - деп атап көрсетті Сактағанов.

Өңір басшысы салалық ведомстволарға болған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды тапсырды.