Үкімет резервінен Жезқазғанның жылу желілерін қайта жаңартуды аяқтау үшін 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзындығы 388 км болатын қалалық жылу желілерінің тозуы 56,6% құрайды.
«Бұл тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және басқа да объектілердің жылумен жабдықталуына теріс әсер етеді. Жылыту маусымында ресурстардың жоғалуы орта есеппен 35-40% жетеді, бұл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жаңа нысандарды қосуға мүмкіндік бермейді», - делінген хабарламада.
Қаланың кеңеюін және жаңадан салынып жатқан Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, бастапқы жоба қайта құрылуға тиіс желілердің ұзақтығын 11,4 км-ден 12,3 км-ге дейін ұлғайту арқылы түзетілді.
«Үкімет резервінен бөлінген 2,8 млрд теңге көлеміндегі қаражат жобаны толығымен аяқтауға және халқы 98 мыңнан астам адамды құрайтын қаланың жылу желілерін жаңа жылыту маусымына сапалы дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ведомствода.
Еске сала кетейік, сәуір айында үкімет резервінен Қызылорданың ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін 5 млрд теңге бөлінген болатын. Құны 26,2 млрд теңге болатын жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарланған.
Фонд-бюро расследования коррупции