Skip to main content

Жетісу облысында бухгалтерлер 34 млн жымқырды

Submitted by Вера Александрова on

Кербұлақ ауданының білім бөлімінің үш бухгалтері 2021 жылдан 2023 жылға дейін 34 млн теңге ұрлаған. Жымқыру фактісін облыс прокуратурасы анықтады.

Бухгалтерлер білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз түрде жалақы мен демалыс төлемдерін аударғаны анықталды.

Айыпталушылар мемлекетке залалдың толық сомасын қайтарды, нәтижесінде сот оларға бес жарым жыл шартты  мерзім тағайындады.

Еске сала кетейік, сәуір айында белгілі болғандай, Жетісу облысының 20-дан астам мұғалімі екі жыл бойы жалақыға тиесілі үстемеақыларды алмаған.

Шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді аяқтады. Олар бюджет қаражатын жымқыру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру үшін айыпталды.

Қылмыстық топ 13 қатысушыдан тұрғаны хабарланды. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке  4,3 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Осыдан кейін көп ұзамай Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы дәл осы бөлімнің бас бухгалтерінен пара алғаны үшін 11 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Пара жымқыру фактілерін жасыру және жұмыстан босатпау үшін берілген.