Жамбыл облысында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ филиалында дизель отынын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған БАҚ мәліметінше, тергеу барысында уәкілетті органдар келтірілген залалды 36 млн теңге мөлшерінде анықтаған.
«ҚТЖ ревизорлық қызметінің 2023 жылы ішкі тексерулер аясында Жамбыл қашықтық жолын тексеру кезінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға залал келтірілгені анықталды. ҚТЖ материалдарды Жамбыл облысы бойынша ЭҚДБ-ға жолдады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҚТЖ зардап шеккен тарап ретінде танылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында Бейімбет Майлин ауданының соты Қостанай облысындағы ҚТЖ лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды. Олар дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген ақша қаражатын жалпы сомасы 12 млн теңгеге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции