«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) нұсқауы бойынша еншілес «Қазақстан» сауда-көрме орталығы» корпоративтік қорын таратты.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім сауда және интеграция министрлігі мен оған қарасты ұйымдарға жүргізілген мемлекеттік аудиттен кейін қабылданған.
Аудиторлар Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры болғанын анықтады: аттас «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» СКО» КҚ. Олар арқылы Ұлттық компанияны қаржыландыру және Мәскеу мен Дубайдағы қазақстандық павильондарды басқару жүзеге асырылған.
«Осы екі коммерциялық емес ұйымның жүктемесінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың әрі қарай параллель жұмыс істеуінің орындылығына күмән келтірді. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, тиісті қайта құруды жүргізу тапсырылды», – делінген хабарламада.
Нәтижесінде «QazExpoCongress» ҰК» АҚ барлық мүлікті, ғимараттарды және шарттық міндеттемелерді «QazExpoCongress» КҚ қарамағына беру арқылы «Қазақстан» СКО» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.
Фонд-бюро расследования коррупции