Түркістан облысында полицейлер гравийді заңсыз өндіруді анықтады. Мемлекетке келтірілген залал 437 млн теңгеден асты.
Polisia.kz деректеріне сәйкес, полицейлер Түркістан облысы Келес ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан бір топ адамның әрекетіне жол бермеді.
«Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері пайдалы қазбаларды (гравий) өз бетінше сатуды жүзеге асырған төрт күдіктіні ұстады», - делінген хабарламада.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары күдіктілерден экскаватор, тиегіш, төрт жүк көлігі және басқа да заттай айғақтарды тәркіледі.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Еске салайық, қыркүйек айының басында Ақтөбе табиғат қорғау прокурорлары Ақтөбе облысы Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде "Восход Хром" ЖШС қызметінде бұзушылықтарды анықтады. Кәсіпорын 2022 жыл бойы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені хабарланды.
Кейін АФМ Ұлытау облысында марганец кенін өз бетінше өндіру фактісі бойынша істі сотқа жолдады. Күдікті 2020 жылдан 2023 жылға дейін рұқсат құжаттарынсыз "Шығыс" карьерінде марганец кенін заңсыз өндірген. Мемлекетке келтірілген залал 1 млрд теңгеден асты.
Фонд-бюро расследования коррупции