Skip to main content

Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ активтері 2024 жылы 90 млн долларға төмендеді

Submitted by Вера Александрова on

Кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ активтерінен түсетін кірісі жыл сайын төмендеп келеді. Журналистердің жазуынша, егер бұл үрдіс сақталса, бір жылдан кейін мұнай бизнесі кәсіпкер үшін мүлдем қызықсыз болуы мүмкін.

Nege.kz деректеріне сәйкес, Құлыбаев «Joint Resources» холдингі арқылы бақылайтын «Каспий нефть» акционерлік қоғамы 2024 жылға арналған қаржылық есептілігін жариялады.

«Каспий нефть» компаниясының кірісі, EBITDA және таза пайдасы төмендеді. 2024 жылғы кіріс 167,5 млрд теңгені құрады. Сол жылғы бағам бойынша – 1 доллар үшін 525 теңге – $319 млн шығады. Ал 2023 жылы 186,4 млрд теңге көлеміндегі кіріс $408,7 млн деп бағаланды. Нәтижесінде Құлыбаевтың мұнайдан түскен жылдық түсімі $90 млн-ға азайды», – делінген хабарламада.

Анықтама үшін: EBITDA (Earnings Before Interest, Taxes, Depreciation and Amortization) – пайыздарды, салықтарды, тозуды және есептелген амортизацияны төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда көлеміне тең аналитикалық көрсеткіш.

Белгілі болғандай, «Каспий нефть» компаниясының таза кірісі 43,7 млрд теңгеден 33,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Журналистер Құлыбаевтың бір жыл ішінде мұнайдан табатын кірісін оған бағынышты «Қазақстан Халық банкі» (Halyk Bank) бір айда оңай әкелетінін атап өтті.

«Өткен жылы компания мұнайдың көп бөлігін халықаралық трейдер Vitol арқылы сатты. Қара алтынның әлемдік бағасының төмендеуі «Каспий нефть» кірісіне тікелей әсер еткені анық», – делінген қорытындыда.

Еске салайық, сәуір айында хабарланғандай, Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі 2022–2024 жылдары «Теңізшевройл», North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), «Каспий Нефть» және «Маңғыстау мұнайгаз» мұнай өндіруші компанияларына жалпы сомасы 61,1 млрд теңгеден астам айыппұл салды.