Skip to main content

Теміртау тұрғыны құны 539,6 млн теңге болатын ақбөкен мүйізімен ұсталды

Submitted by Вера Александрова on

Жетісу облысында Теміртау тұрғыны ұсталды, ол 300-ден астам ақбөкен мүйізін заңсыз сатты деп күдіктеледі.

«Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп және облыс прокуратурасының үйлестіруімен Текелі аумағында ақбөкен мүйіздерін заңсыз сатты деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды», - деп хабарлайды Polisia.kz.

мүйіз 1

Күдіктінің көлігін тінту кезінде скотчпен оралған үш картон қорап табылды, оның ішінде 300-ден астам ақбөкен мүйізі болған. Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Алдын ала бағалау бойынша, келтірілген залал сомасы 539 млн 667 мың теңгені құрайды. 

мүйіз

Ұсталған адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оған бұлттамау шарасы ретінде үй қамағы таңдалды. 

Атап өтілгендей, бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген — мүлікті тәркілеп және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейін айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының төрт тұрғыны ақбөкендерді заңсыз аулағаны үшін сотталған. Іс бойынша айыпталушылардың жоғалған жылқы үйірін іздеу үшін мотоциклдермен Ұлытау облысына барып, өздерімен бірге аңшылық мылтықтарды алғандығы хабарланды.

Жылқыларды табу мүмкін болмады, бірақ браконьерлер аң аулауға тыйым салынғанын біле тұра, кейін сату үшін 15 ақбөкенді атып алған. Осыдан кейін олар ұшаларды бөлшектеп, мүйіздерін бөліп, етін көлікке тиеген.