Тараз прокурорлары жеке сот орындаушысының ақша қаражатын ұрлағанын анықтады. Ұрланған қаражат мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндірілуі тиіс еді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 46 борышкерден 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге жиналған қаражатты сот орындаушысы өз шотына аударған.
«Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабы 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бірнеше рет теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына тапсырылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысы прокуратурасы анықтағандай, өңірдегі сот орындаушылары қайтыс болған борышкерлерге қатысты атқару ісін жүргізуді жаппаған. Ал заң бойынша өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда орындаушы бір жұмыс күні ішінде іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Фонд-бюро расследования коррупции